Оқу жылы колледждегі әр мамандық  бойынша оқу жоспарына сәйкес басталады және аяқталады.

 

Колледжде оқу процессі оқу жоспарына және сабақ кестесіне сай аптасына 6 (алты) күнде іске асады. Демалыс күні және мерекелік күндері оқуға ҚР заңына сәйкес қажет болған жағдайда рұқсат етіледі.

 

Колледжде келесі негізгі оқу қызметі бекітілген:

 

  • Оқу сабақтары: Дәріс, тәжерибелік-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту;
  • Бақылау формалары: өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, бітіру біліктілік емтиханын қорғау, ӨПОҰ;
  • Оқу жұмысының басқа түрлері: Өз бетімен бақыланатын жұмыс, кеңес беру, тәжірибе, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс.

 

Сабақ кестесі колледж директорымен бекітіледі және сабақ басталуға бес күн қалғанда бекітілген жерге ілінеді. Сабақ басталғаннан кейін оқу сабағы дұрыс өту мақсатында кабинеттерде және қосымша ғимараттарда тыныштық пен тәртіп орын алу қажет.

 

Оқу сабағын тоқтатуға, аудиториядан  шығуға немесе кіруге болмайды. Студент аудиториядан оқытушының рұқсатымен ғана шығады.

 

Колледжде студенттердің сабаққа қатысуын есепке алатын журнал басталған. Журнал колледж әкімшілігінің офисінде сақталады, сабақ басталар алдында колледж директоры тағайындаған жауапты тұлғаға сабаққа қатысқан және қатыспаған студенттерді белгілеу үшін беріледі.

 

Себеппен сабақ босатқан студент келесі күні колледж директоры тағайындаған жауапты тұлғаға ескертуі қажет, сабаққа келмеуінің себебін анықтайтын (анықтама, шақырту, хат, телеграмма т.б) құжатын тапсыруы қажет.