Миссия: қазіргі таңдағы еңбек нарығының өзгеруіне орай білім беру үрдісіндегі инновациялық тәсілдер негізіндегі сапалы кәсіптік білім беру сұраныстарын қанағаттандыру.
Пайымдау: болашақта кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізетін, ұжымға жеңіл бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті еңбекке дайын, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыратын, оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіретін оқу орны болу.
Стратегиялық бағыттар:
- Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау;
- Колледж басқаруда құрылым мен менеджментті шыңдау;
- Оқу үрдісіне салалық инновациялық технологияларды («жасыл экономика») енгізу.